Василий Левит Қазақстан құрамасынан екінші болып Олимпиада іріктеуінің финалына шықты

Сурет: ҚБФ. Данияр Майлыбаев©
Қазақстандық боксшы Василий Левит (91 келіге дейін) Олимпиадаға жолдама ойнатылатын Аммандағы лицензиялық жарыстың жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Иорданиялық боксшы Хуссейн Ишаишты төрешілер шешімімен жеңген Левит турнирдің финалына шықты. 

Мұның алдында финалға Закир Сафиуллин (63 келге дейін) өтті. Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса) жарысты жалғастырудан бас тартты. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін) жартылай финалда үндістандық Викаш Киршаннан жеңілді.