Усиктің супер ауыр салмақтағы бірінші жекпе-жегіне басқа қарсылас табылды

© AKboxing
Украиналық боксшы Александр Усикке (16-0, 12 КО) аса ауыр салмақтағы бірінші жекпе-жегіне жаңа қарылас табылды, - бұл туралы Matchroom Boxing компаниясының сайтында хабарланған.

Бастапқыда 12 қазан Чикагодағы бокс кешінде Усик голландиялық Тайрон Спонгпен (14-0, 13 КО) жұдырықтасу керек еді, алайда, ол допинг-тесстен өте алмады. Дегенмен Спонг өзінің кінәлі еместігін айтып, В сынамасын ашуды сұраған. 

"Қулық-сұмдыққа дайын тұрады". Менеджер Усик қарсыласының допингпен ұсталғанына ашулы

Осылайша, голландиялықтың орнын 38 жастағы амеркиалық Чазз Уизерспун (38-3, 29 КО) басты.