Усик пен Фьюридің кездесуі қашан және қайда өтетіні айтылды

©Reuters

Танымал бокс шолушысы Майкл Бенсон ұлыбританиялық Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) мен украиналық Александр Усик (20-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жек туралы тың ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Тайсон Фьюри мен Александр Усик арасындағы жекпе-жек желтоқсан айында өту мүмкіндігі өте төмен. Бұл кездесу 11 немесе 18 ақпан өтеді деді Боб Арум. Сонымен қатар, ол кездесу Таяу Шығыста өтуі мүмкін екенін айтты. Айқас Сауд Арабиясы, Катар және БАӘ елдерінің бірінде болуы мүмкін", - деп жазды журналист. 

Еске салайық, Усик 21 тамыз күні Сауд арабиясында ұлыбританиялық Энтони Джошуаға  (24-3, 22 KO) қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жетті. Бұл айқаста ол аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғап, The Ring белбеуін жеңіп алды. 

Ал Фьюри болса 23 сәуір күні Лондон қаласында отандасы Диллиан Уайтпен (28-3, 19 KO) рингте жолығып, жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport