Усик пен Фьюри кездесуі қашан және қайда болатыны айтылды

©Reuters

Украиналық боксшы Александр Усик (20-0, 13 KO) пен ұлыбританиялық Тайсон Фьюридің (32-0-1, 23 КО) арасындағы жекпе-жек 17 желтоқсанда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Р-Спорт сайты Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып.

Кездесу Қатардағы футболдан әлем чемпионатының финалына бір күн қалғанда Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. Фьюридің сыйақысы 45-50 миллион фунт стерлинг болады деп күтілуде.

"Біз аса ауыр салмақтағы абсолют титулға таласты өткізуге әбден қызығып отырмыз. Біз оған Эр-Риядта қол жеткіземіз", - дейді  Сауд Арабиясының спорт министрі Мохаммед Абдулазиз ханзада.

Естеріңізге сала кетейік, Усик төрешілер шешімімен тағы бір ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуаны (24-3, 22 KO) қарымтада жеңді. 

Фьюри өз кезегінде Усикке қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтып, өз шарттарын қойған болатын. Алайда ол мансабын аяқтағаны туралы да мәлімдеме жасаған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport