Усик пен Джошуа реванш айқасының алдында көз арбасты

©instagram.com/usykaa

WBA Super, IBF және WBO белбеулерінің иегері украиналық Александр Усик (19-0, 13 KO) пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) реванш алдында кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Боксшылар промоутерлік тур аясында Лондонда баспасөз мәслихатына қатысты. Осы орайда Усик көз арбасу сәтінен түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады.

"20 тамызда", - деп жазды украиналық былғары қолғап шебері.

Еске салайық, жекпе-жек 20 тамыз күні Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport