Усик пен Джошуа реванш алдында көз арбасты

©mma.express

WBA, IBO, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик (19-0, 13 KO) пен Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) реванш айқастарының алдында көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қарсыластар Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында айқас алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, артынша көз арбасты.

Еске салайық, қос боксшы 2021 жылдың қыркүйегінде "Уэмбли" (лондон, Англия) стадионында қолғап түйістіріп, Усик ұпай санымен жеңіске жеткен еді. Алғашқы кездесудің келісімшарты бойынша реванш өткізу туралы пункт бар. Сондықтан украиналық былғары қолғап шебері қарсыласына тағы бір мүмкіндік беруге мәжбүр болды.

Еске салайық, Усик пен Джошуа арасындағы жекпе-жек кеші 20 тамызға жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport