Усик пен Джошуа көз арбасты

23 қыркүйек 2021 20:35
©reuters

Британиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа мен украиналық Александр Усик жекпе-жек алдында көз арбасты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Александр Усик кәсіпқой рингке 18 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Бірінші ауыр салмақта әлемнің экс-абсолютті чемпионы. Оның қарсыласы WBA, IBF, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып табылады. Джошуа 2013 жылдан бері кәсіби түрде 25 айқас өткізіп, тек біреуінде жеңілістің кермек дәмін татқан.

Бір қызығы, қос спортшы да әуесқой бокста Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды. Усик 90 келіге дейінгі салмақта Украинаға алтын сыйласа, Джошуа дәл сол жылы 90 келіден жоғары салмақта бірінші орын иеленді.

Украиналық боксшы 25 қыркүйекте өтетін кездесу үшін 5 млн еуро табысқа кенелетін болады. Сәйкесінше Джошуа бұл айқастан соң 17,5 млн еуроға байи түспек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: