Усик Джошуамен чемпиондық айқас үшін карьерасындағы ең үлкен гонорарын алады

21 қыркүйек 2021 20:31
©Fightnews.info

Суперауыр салмақта WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы британиялық Энтони Джошуа (24-1, 22 КО) украиналық Александр Усикпен (18-0, 13 КО) титулды айқас үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды.

Mirror басылымының мәліметінше, Джошуаға бұл жекпе-жек үшін кепілді түрде 15 миллион фунт стерлинг төленеді екен. Ал Усиктің нақты қандай сомманы қалтасына салары әзірге белгісіз. 

Дегенмен украиналық боксшының промоутері Александр Красюк бұл жекпе-жек үшін Усик карьерасындағы ең үлкен гонорарын алатынын мәлімдеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport