Үш титулы бар жеңілмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та жұдырықтасу ұсынысын алды

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Сонымен қоса, Жаңабаевқа Испания және Ресейде жұдырықтасу ұсынылған. Айта кетейік, мұның алдында супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлына (12-0, 8 КО) да тура осындай ұсыныс жасалған. 

Жеңілмеген қазақ боксшыға WBC, WBA және WBO титулдарын қорғаудың үш жолы ұсынылды

26 жастағы Жаңабаев соңғы рет 14 тамыз Сиднейде жергілікті боксшы Стив Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын иеленген.

Жаңбаев Алматы маңындағы AIBA бокс академиясында жаттығуын бастап кетті.