Үш титулға ие жеңілмеген қазақ боксшы WBA рейтингінің Топ-3 тізіміне кірді

© Suleimen Promotions
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) Топ-3 рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңарытлаған тізімде қазақ боксшы бір саты жоғарлап, үшінші орынға тұрақтады. Ал рейтинг көшбасшысы WBA ұйымының "уақытша" чемпионы британиялық Джон Райдер. Екінші WBA Continental белбеуіне ие ресейлік Федор Чудинов.

Соңғы рет Айдос 14 тамыз Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы 2 қарашадағы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегінің анедркартында жұдырықтасуы мүмкін.