"Ұлы айқасқа дейін 9 күн". Еуропа чемпионы Головкинмен жекпе-жекке дейін АҚШ-тағы бірінші жаттығуын өткізді

10 желтоқсан 2020 11:23
Сурет: Newseria Lifestyle:

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке дайындығын АҚШ-та жалғастырып жатыр,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Шеремета бокс кешін ұйымдастырушылар ұсынған Флоридадағы залда бірінші жаттығуын өткізді.

"Камил Шереметаның АҚШ-қа келгелі бірінші жаттығуы. GGG-мен рингтегі ұлы айқасқа тоғыз күн қалды!", - делінген постта.