"Үлкен қысым жасалады". Golden Boy президенті "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

© HBO Boxing
Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес  мексикалық боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

"Трилогияны бәрі көргісі келеді деп ойлаймын. Жанкүйерлердің көпшілігі алдыңғы екеуіне қанағаттанбай, үшіншісін әлі де күтуде. Екі кездесуде де әр раундтың әр минуты әсерлі болды. 

Жекпе-жекке осындай үлкен қызығушылық болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін үлкен қысым жасалады. Ақыры келгенде шешімді "Канело" қабылдайды. Ол бұл шешімді қабылдау құқығына лайық. Жеке өз басым бұл жекпе-жекті тамашалағым келеді. Бұл жолы "Канело" нокаутпен жеңе алатын еді, бірақ, соңғы сөз Альваресте", - дейді Гомес Fino Boxing басылымына берген сұхбатында.