"Украиналық бомжды". Әлем чемпионы Усиекпен айқас шартын атады

©Reuters

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) WBA/WBO/IBF титулдарына ие украиналық Александр Усикпен (20-0, 13 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді. 

"Джошуа екінші рет Усиктен жеңілгенін көрдім қазір, қолынан келмеді. Англия титулдарынан айырылды, бірақ, мен шешім ұсына аламын. Егер ол белбеулерді қайтарғыларың келсе, сыған варварын жіберіңдер. Мені аттандырыңдар, сонда мен ол украиналық бомждың белбеулерін тартып аламын, бұрын да өзге украиналық бомжбен істегенімді қайталаймын. 

Бұл арзанға түспейді. Егер ең мықтыны көргілерің келсе, ол үшін төлеу керек. Бұл қымбатқа түседі, сондықтан чектеріңді дайындаңдар, ал мен украиналық бомжды белбеулерінен айырамын", - деп береді Фьюридің сөзін Fightnews.info.

Ал Усиктің өзі Джошуаны екінші рет жеңгеннен кейін баспасөз жиынында Фьюримен айқасатынын, әйтепесе мүлде жекпе-жек өткізбейтінін айтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport