UFC-дегі "басты жексұрын" Геннадий Головкинмен кездесті

9 қыркүйек 2020 11:19
Видеодан алынған кдар
Америкалық ММА файтері Хорхе Масвидаль қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесуде түсірілген видеоның бір бөлігін Масвидаль өзінің YouTube арнасында жариялаған. Спортшылар Лас-Вегастағы UFC Apex кешенінде ұшырасып қалыпты. 

Спортшылар жылы амандасып, біраз ғана тілдесті. Масвидаль Головкин жекпе-жектері бойынша мақтауын жеткізіп, қазақстандықтың стилі ұнайтынын айтты және бір-екі бөлек соққыны көрсетті. Өз кезегінде GGG-де америкалықты мақтап, оған сәттілік тіледі. 



Еске салайық, Масвидаль отандасы Нэйт Диасты арнайы жекпе-жекте жеңіп, UFC-дегі "басты жексұрын" титулын иеленген. Кейінгі жекпе-жегінде Масвидаль қазіргі чемпионы Камару Усманнан жеңіліп қалды.