Тісін қағып алды. Шешен боксшы қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді

©Reuters

2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ресейлік боксшы Имам Хатаев Аустралиядағы бокс кешінде қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 наурыз Сиднейдегі Qudos Bank аренасында өткен жекпе-жекте Хатаев кореялық Ги Сун Гвакпен айқасты. Екінші раундта шешен боксшы қарсыласын сол қолымен ұрған бір соққымен нокаутқа түсірді. Одан бөлек видеодан соққы жасалған кезде корей боксшының тісі ұшып кеткенін көруге болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport