"Трагедия емес!". Маман Құлахметтің не үшін жеңіліп қалғанын түсіндірді

©MTK Global

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-1, 3 КО) Доминикан Республикасының боксшысы Хуан Карлос Абреуден (23-6-1, 21 КО) дайындығының нашар болғанына байланысты жеңіліп қалды. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне қазақстандық промоутер Болат Манкенов айтты. 

WBC International белбеуі сарапқа салынған бұл кездесу 29 қазан күні Лондондағы (Англия) бокс кешінде өтті. Кездесудің басында Абреу нокдаунға түскен еді. Бірақ жетінші раунда ол Құлахметке бірнеше жақсы соққыларын дәл тигізіп, кейін нокаутқа түсірді. Бұл Тұрсынбайдың кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі болды. 

"Құлахметтің дайындығы дұрыс болмаған шығар. Ол нашар дайындықпен шықты. Қарсыласының аргрессиясына дұрыс жауап бере алмады. Жалпы бұл жеңілістің бірнеше себебі бар. Негізі кәсіпқой боксшылар жекпе-жекке жаттығуды төрт кезеңге бөледі. Тұрсынбай осы төрт кезеңді дұрыс өткізбеген секілді. Бірақ бұл трагедия емес! Осы кездесуден ол үлкен сабақ алуы керек. Кәсіпқой бокста кез-келген жағдайда дайын болып шығу қажет. Алайда отандасымыз қарсыласына көп мүмкіндік беріп қойды. Ал Абреу өте тәжірибелі боксшы. Бұл мүмкіндіктерді сәтті пайдаланды. Сөйтіп ауыр нокаут алды", - деді Манкенов. 

Еске салайық, Құлахмет әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, ол 2019 жылы Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Кәсіпқой бокста ол төрт кездесу өткізіп, үшеуінде қарсыластарын нокаутпен жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: