Төртінші кездесу бола ма? Головкин пікір білдірді

©twitter.com/GGGBoxing

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) өзінің байырғы әрі тұрақты қарсыласы болып келе жатқан мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) болатын үшінші кездесу туралы шабыттана сөйлеп, 17 қыркүйектен кейін не болатынын күтуге шақырды, деп хабарлайды mundodeportivo.com.

"Альваресті жеңгеннен кейінгі бір айда біз оның төртінші кездесу өткізуге ниетін көреміз. Оның келесі кездесуді Мексикада өткізгісі келуі де мүмкін. Джонатон Бэнкспен жаттығуларымыз ойдағыдай өтуде.  Жеңіс - бұл мақсат, тіпті нокаутпен. Бәрі де болу мүмкін", - деді GGG өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, мексикалық пен қазақстандықтың арасында бұл кездесу - үшінші. Бұған дейін екі боксшы 2017, 2018 жылдары АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobilе Arena кешенінде тартысқа толы екі кездесу өткізген еді. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші кездесуде "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport