"Төрешілер де көмектесе алмайды". Әлімханұлының "Канело" ізбасарын ненің арқасында жеңетіні айтылды

©boxemag.com

Мексикалық Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) орта салмақта WBO титулы үшін айқаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) басымдығы бар, деп есептейді "неКАРАтэ" Youtube арнасының авторы.

Әлімханұлы 31 нокауты бар "Канело" ізбасарымен чемпиондық айқасқа шығады

"Әлімханұлы аяқпен жақсы жұмыс істейді, тартынып барып та жақсы ұра алады. Бұқадай басып келе жатқан Мунгияны жылдам қозғалып ұрып алу мүмкін. Солақай, тамаша таймингі арқасында Әлімханұлы бұл айқасты алып шығады. Мұндағы мәселе - Мунгияның тәжірибесі мол, бірақ, Әлімханұлы үнемі қозғалып, соққы жасап отырады. Оның үстіне Мунгияға бұл салмақта қиындау болады. 

Мунгияға Жәнібекті үнемі қуалып жүру керек болады, ал ол оңай болмайды. Әлімханұлының аяғы Мунгияға қарағанда жылдам. Әлімханұлының пайдасына 60 та 40. Егер Әлімханұлы нокаутқа тырыспай, әдеттегідей ақылды жұдырықтасса, Мунгиямен қиындығы болмау керек. 12 раундта ол мексикалықтан асып түсері анық. Жәнібектің тамаша боксын көрген төрешілер Мунгияға көмектесе алмайды. 

Әлімханұлының боксы Мунгиянікіне қарағанда әлденеше есе қызықты, мексикалық орта салмақ үшін ауырлау. Жәнібек оны оңай жеңу керек деп болжаймын", - дейді сарапшы.

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық айқас алдында жұмбақ мәлімдеме жасады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport