Токиода жеңілгені сенсация болды. Бокстан Қазақстан құрамасы капитанына жаңа көлік сыйлады

Сурет: Reuters©

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевқа Toyota Camry көлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегеріне көлікті облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесу кезінде тарту етті. 

Еске салайық, 91 келіден аса салмақтағы 1/2 финалда Қамшыбек америкалық Ричард Торрестен жеңілген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport