Тоғыз нокауты бар жеңілмеген қазақ боксшының келесі айқасы қашан өтетіні айтылды

©facebook.com/eottmboxing/

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтың (12-0, 9 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының командасына жақын дереккөздің мәліметінше, Абылайхан рингке биыл шілде айында оралады екен. Қазіргі таңда ол Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Еске салайық, кейінгі рет Құсайынов 2022 жылы желтоқсанда жекпе-жек өткізіп, Алматыдағы бокс кешінде тәжікстандық Бахтовар Сагизовты (0-4) нокаутқа түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport