"Тайсонның басын алатын уақыт келді". 41 нокауты бар боксшы чемпионмен жекпе-жекті қантөгіске айналдырмақ

Сурет: World Sports News

Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) осы дивизионда WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюримен (30-0-1, 21 КО) арадағы жекпе-жекке орайластырылған баспасөз мәслихатында екі ауыз сөзбен ғана шеткелді, деп хабарлайды Sports.ru.

"Мен жаратушы мен Құтқарушы Иса Мәсіхке алғысымды білдіргім келеді. Тамаша командама рахмет айтамын. Сонымен бірге, мықты заңгерлер командасына да алғыс.

Осыған дейін де аз айтылмады. Тайсон Фьюридің басын алатын уақыт келді - 24 шілде қантөгіс болады. Дәл қазір билет алып алыңыздар. Жақында көрісеміз", - дейді Уайлдер. 

Еске салайық, Фьюри – Уайлдер жекпе-жегі 24-шілде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.