Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикпен айқас өткізуге келісімін берді

©Reuters

WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри (32-2-1, 23 КО) украиналық Александр Усиктің жекпе-жекке шақыруын қабыл алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Екі тарап нақты айқас өткізуге келіскен жағдайда бокс кеші 17 желтоқсан күні Сауд Арабиясында өтуі мүмкін.

Осыған дейін тамыз айының 21 күні Усик ұлыбританиялық Энтони Джошуамен (24-3, 22 КО) қолғап түйістіріп, өзіне тиесілі WBA Super, WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.  

Өз кезегінде Фьюри болса биылғы жылдың 23 сәуірінде Лондон төрінде отандасы Диллиан Уайтпен (28-3, 19 КО) жұдырықтасып, алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport