"Таптым осы видеоны". "Канело" Головкинге қарсы және өзге айқастарының ең мықты сәттерін көрсетті

4 желтоқсан 2020 11:58
Сурет: El Sol del Bajío

Мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альварес Instagram желісінде қазақстандық Геннадий Головкин мен өзге де қарсыластарымен жекпе-жектерінің үзінділерінен құралға видеоны жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Видеода "Канело" соққылардан тамаша қашып, сонымен бірге, соққыларын да дәл өткізіп жатқан сәттер көрсетілген.

"Осы видеоны таптым", - деп жазыпты боксшы оның астына.

Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсан Камил Шереметамен, ал ертеңінде, 19 желтоқсанда "Канело" британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады.