"Тактикамыз жарамды еді". Ковалев "Канелодан" нокаутпен жеңілу себебін атады

© DAZN
Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) карьерасына қатысты ары қарайғы нақты шешімі жоғын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзінің Instagram парақшасында ол әзірге отбасына көңіл бөлгісі келетінін жазған.

"Бәріне сәлем! Бәрі жақсы және көңіл-күйім де орнында! Иә, "Канелоға" қарсы жекпе-жекте 12 раундқа жанармай жетпеді, бірақ, біздің тактика жарамды еді және күшім біткенге дейін нәтижесін берді. Бастысы мен моральді түрде сынбадым, сондықтан алда жаңа мақсаттар мен белестер күтіп тұр. Құдайға шүкір, бәрі артта, енді отбасыммен дем алып, өмір мен көп жылғы еңбегімнің жемісін жегім келеді. Карьерама қатысты әзірге кешқандай шешім жоқ, аздап тынығып, не қалайтынымды және немен өмір сүру керегімді шешемін. Бәрінің өз уақыты бар. Өмір енді ғана басталды", - дейді Ковалев.