Суперауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық нокаутшы Германиядағы жекпе-жек туралы айтты

Суперауыр дивизиондағы қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында келесі жекпе-жегін Германияда өткізу мүмкіндігі жайлы пікірін білдірді.

Жекпе-жек 4 шілде Гамбургге жоспарланған болатын. 31 жастағы боксшы бұл кездесудің белгіленген уақытында өтеріне сенімді. 

Кособуцкий биыл бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайдағы кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.

"Әзірге жағдай туралы хабарым жоқ. Бірақ бәрі жоспар бойынша - төртінші шілдеге дайындалып жатырмын", - дейді боксшы.

Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада өнер көрсеткен. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.