Супер ауыр салмақтағы қазақстандық 17 нокауты бар Африка боксшысымен жұдырықтасады

Жан Кособуцкий мен Уильямс Окандо жекпе-жегінен алынған кадр
Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой Жан Кособуцкий (10-0, 9 КО) қыркүйекте Осборн Мачиманамен (23-12-2, 17 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Big Daddy лақап атты 40 жастағы Мачимана ОАР боксшысы, 2018 жылы Осборн конголық проспект Цибуабуа Калонгадан ұтылған. Осыдан кейін ол тағы бір рет нокаутпен жеңілді. 

Әзірге бұл бокс кешінде қазақстандық боксшыдан бөлек рингке шығатын бір ғана жұп белгілі - жартылай орта дивизионда өнер көрсететін 23 жастағы ресейлік Сережа Акопян (4-0, 1 КО) мен өзбекстандық Хусан Юлдашевпен (7-8-1, 4 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Кособуцкий соңғы рет сәуірде жұдырықтасып, екінші раундта венесуэлалық Карлос Окандоны (21-9, 17 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

30 жастағы Кособуцкий карьерасын 2017 жылы қыркүйекте бастаған. Осы уақытқа дейін ол үш елде өнер көрсетті: Беларуссияда сегіз және бір реттен Ресей мен Украинада жұдырықтасты.