"Сұмдық жігіт, нағыз жауынгер". Өзбекстан құрамасының бапкері 21 жастағы қазақ боксшы туралы

Сурет: ҚБФ
Бокстан өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбаында қазақстандық команададағы өзіне ұнайтын боксшыны атап, оның мықты жақтарын айтты. 

"Қазір маған 81 келіге дейін салмақтағы боксшыларыңыз - Бекзат Нұрдәулетов ұнады. Оған дейін үнемі Абылайхан Жүсіпов ұнайтын еді, 69 келіге дейін салмақта өнер көрсетеді. Әлі де ұнайды, алайда, онда ілгерлеу жоқ... Ол Серік Сәпиев сияқты алға жүре беру керек еді, ал ол тоқтап қалды. Мүмкін әлі де өсер. 

Ал Нұрдәулетов - ол жауынгер. Мінезді жігіт. Бір  қызып алса, соңына дейін апарады. Сұмдық жігіт енді", - дейді Киличев.