"Сұмдық химия". Әлем чемпионы "Канело" жетістіктерінің себебін әшкере етті

28 желтоқсан 2021 12:42
©Fightnews.info

Әуесқойда 2011 жылғы әлем чемпионы, украиналық белгілі боксшы Евгений Хитров суперорта салмақтағы абсолют чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жетісітігіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат"

"Кәсіпқой ұйымдарға әсер ету өте оңай - кім табыс әкелсе, жекпе-жекке сол рұқсат алады. Қазір Альварес қай салмаққа болмасын көтеріліп, кіммен болса да жұдырықтаса алады? Өйткені ол барлық төрт ұйымды асырап отыр. Ол сұмдық химия қолданатынына 150% беремін. Жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, Ковалевті талдыру...

"Әр ұйым тексерісті өздері жібереді. Оған алдын ала ескертеді. Сондықтан ол хмимяны уақытында пайдаланып, уақытында қанын тазартып үлгереді. Хмимияда отырғанына сенім 100%", - дейді Хитров "Студия бокса Виктора Ялымова" арнасында жарияланған сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport