"Сұмдық болады". DAZN "Қазақ найзағайына" қарсылас ретінде Golden Boy нокаутшысын ұсынды

Сурет: Matchroom Boxing©

Геннадий Головкиннің де ісін жүргізетін промоутер Эдди Хирн әлеуметтік желі арқылы қазақстандық Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Golden Boy Promotions-тегі америкалық проспект Верджил Ортиспен (16-0, 16 KO) жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін меңзеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Хирн твиттерде былай жазыпты: "Данияр мен Ортистің жекпе-жегі ұнайды - 147 фунттағы екі тамаша проспект".

DAZN твиттер-аккаунты Хирн сөзін іліп әкетіп, өзінше пікір білдірді: "Әлем чемпионы титулын көздеп отырған жартылай орта салмақтағы екеуі. Сұмдық болатын еді".