"Сөзсіз солай". Сауль Альварес ең мықты қарсыласын атады

© vringe.com
Екі дивизионда әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) жартылай ауыр салмақта WBO белбеуіне ие ресейлік Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 КО) жекпе-жек қандай болатыны туралы ойын айтты.

"Оның қолы ұзын және джебті жақсы ұрады. Рингте қалай қозғалу керектігін біледі, бірақ, біз бұған дайынбыз.

Ол - менің ең мықты қарсыласым, сөзсіз солай, сондықтан мен үлкен қауіпке барып отырмын. Дегенмен біз бұған дайынбыз. Бізде Ковалевті жеңу үшін ақыл мен дағды бар", - дейді Альварес Boxingnews24 порталына берген сұхбатында. 

Альварес - Ковалев жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтеді.