Сөзге келіп қалды. Жеңілмеген боксшы Елеусіновпен айқасқа дайындықты бастады

©Boxing Scene

Жеңілмеген украиналық боксшы Тарас Шелестюк (19-0-1, 11 КО) қазақстандық Данияр Елеусиновпен (11-0, 6 КО) жекпе-жекке дайындықты бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы да жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Мұның алдында олар әлеуметтік желіде сөзге келіп қалған еді. 

"Елеусіновпен жекпе-жекке дайындықты бастадым. Олардан келісімшарт күтемін, кеттік! IBO ұйымының жаңа чемпионы болады. Демалыстарыңыз жақсы өтсін", - деп жазыпты украиналық Twitter желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport