"Соңғы жекпе-жегім, ары қарай не боларын білмеймін". Джейкобс карьерасы туралы

Сурет: RingSide24
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (36-3, 30 КО) келесі жекпе-жегіне қарсылас таңдау  мен ары қарайғы жоспары туралы айтты. Боксшының сөзін Boxingnews24.com порталы беріп отыр. 

"Пандемия тезірек аяқталады деп үміттенемін, менде қазір қарсылас болатын бірнеше боксшы дайын тұр. Маған бір-екеуін ұсынды - Каллум Смит пен Габриэль Росадо. DAZN-мен біргемін, сәйкесінше, жоғары деңгейдегі қарсыластармен айқасуға тырысамын. Келісімшарт бойынша бұл DAZN-мен соңғы жекпе-жек, ары қарай не болатынын білмеймін. Жақсы жекпе-жек көрсетуге тырысамын, содан кейін олармен келісімшартты ұзартып, көбірек іс бітіремін деген үміттемін", - дейді Джейкобс. 

Еске салайық, боксшы екінші орта салмақ лимитінде АҚШ-тың Финикс қаласында өткен кейінгі кездесуінде мексикалық Хулио Сезар Чавесті (51-4-1, 33 КО) нокаутпен жеңген.