"Соққысы жойқын әрі...". Америкалық журналист қазақстандық нокаутшы әлемдік жұлдыз бола алатынына сенімді

© Eye of the Tiger Management
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке (10-0, 9 КО) АҚШ-та жұдырықтасатын уақыт келді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында FightNights.com журналисті Райан О`Хара осындай пікір білдірді. 

Оның сөзінше, Америкада қазақ боксшының карьерасы өрге жүзуі мүмкін.

"Қазақстанның көптеген боксшысы жақсы деңгей көрсетіп жүр. Менің сүйікті боксшыларымның бірі Садриддин. Оның соққысы жойқын, оның үстіне жылдам. Ол рингте өзін сенімді ұстайтындығымен ерекшеленеді, дегенмен, іс жүзінде де басымдығын көрсетеді. Бүгінде ол қарсыластарынан бір саты жоғары. Канадада ол үлкен жұлдыз, бірақ, АҚШ-та өнер көрсетіп қана биікке жете аласың. Карьерасын өрлету үшін осы қадамға баратын уақыт келді. Солай боларына сенімдімін", - дейді О`Хара.