"Шыны керек...". Сарапшы "Канеломен" айқаста Головкинге ұтымды жалғыз шешімді айтты

©LasMayores

Жартылай орта салмақта экс чемпион, ал қазірде ESPN сарапшысы америкалық Шон Портер алдағы трилогияда Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшін Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңетін жалғыз жол нокаут қана деп есептейді.

"Кейінгі айқастағы жеңіліс "Канелоның" сағын сындырды деп ойламаймын. Сондықтан ол рингке өзін кім екенін паш ету үшін шығады. Бұл тартысты жекпе-жек болады және қай бағытқа бет алатынын білмеймін. 

Шыны керек Головкиннің жасы келді және бұрын істегенін қазір жасай алмайды. Менің айтпағым 2010, 2012 жылдары ол қозғалып жүріп жұдырықтасатын. Қазір өйте алмайды. 

Бұл оның Альварестен басым түсе алмайтынын білдіреді. Сондықтан бұл осының алдындағы ойынға ұқсас өтеді. Бұл жолы Головкинге шабуыл бағыттарын ақылмен таңдау қажет. Головкин Альваресті нокаутқа түсіре ала ма? Иә, бұл мүмкін деп ойлаймын", - деп береді Портердің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport