Шетелдік сарапшы ерекше бағалаған қазақ боксшының келесі айқасына тікелей көрсетілім

Сурет: Suleimen Promotions©

Бүгін, 20 мамыр Новосибирскте Boxing Night 5 кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл шоуда қазақстандық боксшылар - Бек Нұрмағанбет (3-0), Евгений Павлов (3-0) және Данила Семенов (3-0) рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бектің қарсыласы танзаниялық Тваха Кассим (17-7-1) болады. Сегіз раундқа есептелген кездесу жартылай ауыр салмақта өтеді. Жартылай жеңіл салмақта Павлов өзге танзаниялық боксшы Насибу Рамадханимен (31-16-2) алты раундтық айқасқа шығады, ал суперауыр дивизионда Семенов Оңтүстік Африка өкілі Осборн Матиманмен (23-13) алты раундтық кездесу өткізеді.

Кеше боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 

Бокс кешін "Хабар" арнасынан тамашалауға болады, көрсетілім Қазақстан астанасының уақытымен 23:30-де басталады. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Еске салайық, Бек Нұрмағанбет 2019 жылғы Азия чемпионы. Ол былтыр маусымда Қазақстан құрамасы сапынан кеткен. Ал ESPN журналисті Армандо Мендоза Бектің кәсіпқойдағы болашағы өте зор екенін айтқан.