Шетелдік сарапшы Деревянченкомен жекпе-жектегі Головкин әрекеттеріне әділ баға берді

© Fightnews.info
Амеркиалық FightNights.com шолушысы Райан О'Харра Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегіндегі әрекеттеріне баға берді.

"Көпшіліктің ойынша, Головкин Деревянченконы канадалық Роллсты жеңгендей анық басымдық көрсету керек еді. Дегенмен олар Сергейдің өте мықты боксшы екенін ұмытып отыр. Оның үстіне GGG-мен жекпе-жекке өте ынталы болғандықтан карьерасындағы ең мықты айқасын көрсеткен болар. Ол Головкинмен барынша текетіреске түсті, алайда, жеңіс үшін бұл аз. GGG күшін үнемдеді және орынды амал істеуге тырысты. Соққыны сирек жасап, көбірек қорғанды, осылай өзін жақсы ұстады. Нокдауннан кейін аздап босаңсып қалды деп ойлаймын, ал Деревянченко керісінше, ширай бастады. Дегенмен Головкин әділ жеңді. Меніңше, жекпе-жек есебі 7-5", - дейді О'Харра.
Метки: