Шетелдік маман Данияр Елеусіновтің чемпиондық кездесуінде нокаут болатынын мәлімдеді

2 желтоқсан 2021 20:48
©Matchroom

Танымал World Boxing News порталының тілшісі Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында бірінші орта салмақта IBF белбеуіне талас үшін өтетін қазақстандық Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол алдағы айқастағы нокаут туралы да айтты. 

Бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жекпе-жектерді тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді. 

"Қарсыласы жақсы. Мұндай аз уақыттың ішінде мықты қарсылас табу қиын екен түсінікті. Бірақ Елеусіновтің командасы жақсы жұмыс атқарды. Аргентиналық боксшының техникасы жаман емес. Дегенмен де ол Даниярға мықты қарсылық көрсете алмайтын шығар. Қазақстандық боксшының деңгейі жоғары. Бұл кездесудің екінші жартысында нокаут болатынына сенімдімін", - деді Джей. 

Еске слайық, бұған дейін Елеусінов 33 жастағы мексикалық боксшы Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) кездесуі керек еді. Алайда ол жаттығуларының бірінде жарақат алып, айқастан бас тартты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: