Серік Сәпиев Жемқорлыққа қарсы агенттіктің кеңес құрамына кірді

©olympic.kz

Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес құрамына кірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеңестің жаңа мүшесіне мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов кірді", - делінген хабарламада.

Сурет: t.me/antikornews

"Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді ... Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді Олимпиада чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport