"Сергей таза жеңді". Украиналықтың командасы Деревянченко Головкиннен жеңілуінің саяси астары барын мәлімдеді

© fightnews.info
Сергей Деревянченконың (13-2, 10 КО) промоутері Лу ДиБелла украиналық боксшы қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) спорт ережесі бойынша жеңілмегендіктен қарымта сұрады. 

"Сергейде Головкинмен мықты жекпе-жек болды және мен GGG жеңді деп ойламаймын. Тамаша кездесу, нағыз айқас, мұнда жеңімпаз Деревянченко еді. Біз қарымтаға қуанатын едік (2020 жылы).

DAZN GGG-дің "Канеломен" жұдырықтасқанын қалайтынын білемін. Альварес қазақстандықты 168 фунтқа көтерілуге мәжбүрлеп, жекпе-жек өтетін шығар. Олай болмаса, Деревянченко кез келгенімен жұдырықтасуға дайын. Ол GGG жеңгенде қатты көңілі қалды, өйткені, оның жеңісі саясатпен жасалды. Ол Головкинді таза жеңді деп ойлаймын", - дейді ДиБелла Worldboxingnews.net порталына берген сұхбатында.