Сергей Ковалев екі жылдық үзлістен кейін алғашқы жеңісіне жетті

©Reuters

Ресейлік Сергей Ковалев екі жылдық үзілістен кейін кәсіпқой боксқа қайта оралды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2019 жылы өткізіп, мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп қалған еді. Содан бері ресейлік боксшы шаршы алаңға шықпады. 

Араға екі жыл салып 39 жастағы боксшы бүгін бірінші ауыр салмақта өнер көрсетті. Оның қарсыласы болгариялық Тервел Пулев болды. 

Калифорния штаты Инглвуд қаласындағы The Forum спорт кешенінде өткен жекпе-жекте Ковалев пен Пулев 10 раунд жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша төрешілер 98-92, 98-92 и 97-93 есебін тіркеп, жеңісті ресейлік боксшыға берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport