"Сенсациялық жаңалық". Данияр Елеусіновтің менеджері чемпиондық айқас туралы мәлімдеді

©Matchroom Boxing

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBO ұйымының толыққанды чемпионы атағы үшін айқасады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының менеджері Зия Алиев айтып берді. 

"Сенсациялық жаңалық. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов биыл тарихқа кіреді. Ол IBO ұйымының негізгі белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл айқас 18 желтоқсан Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek аренасында өтеді. Бұл бокс кеші Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Бұл әлемдік деңгейдегі шоу болады. 

Ол бұл күнді ұзақ күтті. IBO ұйымы бізге ресми мақұлдады. Қарсыластың есімі алдағы күні белгілі болады", - дейді Зия Алиев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport