"Сенсация жасаған боксшы". Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды

Сурет: skysports.com

Қазақстандық проспект Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды және ықтимал қарсыласы да аталды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионының ісін жүргізетін Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирннің сөзінше, Елеусінов рингке сәуір-мамыр айларында оралады.

Ал The Ring ақпаратынша, қазақ боксшының келесі қарсыласы Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болуы мүмкін. Ақпан айында ресейлік Лондонда британиялық Джош Келлиді (10-1-1, 6 КО) нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған.

Елеусінов болса, кейінгі жекпе-жегін қарашада өткізіп, екінші раундта намибиялық экс чемпион Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған.