"Сайқымазақ...". Головкин "Канелоның" допингпен ұсталғанын бетіне басты

©DAZN

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) допинг қолданғанын мойындамау сайқымазақтық екенін айтты. 

2018 жылы екінші айқас алдында мексикалық допингпен ұсталған еді. 

"Мен өз сөзімнен айныған емеспін. Біз дәйексіз сөз емес, нақты деректерді айтып отырмыз. Ол басқаларды айыптап ақталғысы келеді, бірақ, тест сонікі ғой. Мұндай қылық сайқымазақтың әрекетіне ұқсайды. Мүмкін олар: "бір-екі немесе үш тест допинг көрсеткені есептелмейді" дейтін шығар. Мен ондай әзілқойлар клубында болмағандықтан маған ренжіп жүрген шығар", - деп береді Головкиннің сөзін Yahoo Sports.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport