Сарапшы нокаутпен жеңістен кейін Әлімханұлын не күтіп тұрғанын айтты

©twitter.com/qazaqstyle

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO титулы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) жеңгеніне қатысты ойын айтты. 

"Әлімханұлы ғаламат бокс деңгейін паш етті. Оның Дигнумнан басымдығына сенімді болдым, бірақ, мұндай жеңісті күтпедім. Тым айқын басымдық. Екеуі де жеңілмеген, екеуі де бірдей жағдайда еді. Алайда қазақстадық бірінші минуттардан-ақ бокстың болашақ жұлдызы екенін танытты. Ол шынымен қауіпті боксшы және көбін жеңе алады. Меніңше, Андраде Жәнібекпен жекпе-жектен бас тартады. Олай болса, Әлімханұлына қарсылас іздеу керек. Мен оның Крис Юбенк немесе Феликс Кэшпен айқасқанын көргім келеді. Бұл оқиға Ұлыбританияда өтуі мүмкін және көрерменді көптеп жинайды", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport