Сарапшы Әлімханұлы мен әйгілі Цзюдің ұлының айқасында кім жеңетінін айтты

©instagram.com/janibek_qazaqstyle

"Лаборатория бокса" YouTube-арнасының авторы жанкүйерлердің Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен аустарлиялық Тим Цзю (21-0, 15 КО) жұдырықтасса кім жеңеді деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Тим атақты Костя Цзюдің ұлы. 

"Менің жеке пікірім, Әлімханұлы жеңеді. Бірақ әділ болайық. Қалай дегенмен Жәнібек басқа салмақтан, ол ірірек. Бірақ мен Жәнібекке көбірек сенемін. Ол ұпай санымен алатын сияқты, өйткені ол "шертіп жіберудің" шебері", - делінген жауапта. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport