Роуч Головкинмен жаттыққан боксшыдан жеңілген Джошуаны өз залына шақырды

© Sport.ua
Әйгілі америкалық бапкер Фредди Роуч аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Энтони Джошуаға (22-1, 21 КО) өз көмегін ұсынды, - деп хабарлайды ToFight.ru.

1 маусымда Джошуа тегі мексикалық АҚШ боксшысы Энди Руистен (33-1, 22 КО) нокаутпен жеңіліп, WBA (Super), WBO, IBF жәнеи IBO белбеулерінен айырылып қалды. Британиялықтың бұл жеңілісі сенсация болды, өткені америкалықтан ешкім жеңіс күтпеген. Бұл Джошуа үшін карьерасындағы бірінші жеңіліс, ал Руис аса ауыр салмақта алғашқы мексикандық чемпион болды. 

"Джошуада бұлшық ет көп. Жақсы көрінеді, алайда, жұдырықтасу деңгейіне еш әсер етпейді, соңғы екі жекпе-жегіне шаршау шықты. Бір дүние айтайын: Джошуаға жаңа бапкер керек және сол қызметті мен алғым келеді, өйткені маған Энтони ұнайды. Біреуден боксшысын алып кеткім келіп тұрған жоқ, дегенмен, британиялыққа олимпиадалық базасына оралу қажет, сонда ол расымен мықты болады", - деп есептейді Роуч.