Рингтен дәрігерлер алып кетті. Қазақстан чемпионы атағы үшін айқас ауыр нокаутпен аяқталды

19 желтоқсан 2021 10:48
©Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов

Екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залилов (12-3-2, 6 KO) отандасы Ескендір Харсанды (9-1, 6 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жылдан кейін қайта сарапқа салынған Қазақстан чемпионы үшін жекпе-жек Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде өтті. Екінші раунд соңында Залилов Қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Ескендірге рингте дәргерлердің көмегі қажет болды. 

Бұл белбеуді Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы сарапқа салды. Соңғы рет ол 2001 жылы ойнатылған болатын.

Осылайша, Залилов 13-ші рет жеңіске жетті, оның үш жеңілісі мен екі рет тең түскені бар. Харсан болса карьерасында екінші рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport