"Рингте ешқандай билеп жүру болмайды". Америкалық сарапшы Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі жайлы

Сурет: : diyphotography.net©

Америкалық кәсіпқой бокс аңыздары Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жекті өткізіп алмай, міндетті түрде тамашалау керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри осындай пікір білдірді. 

Жекпе-жек 28 қараша Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтеді. 

"Бұл өте қызықты болады. Әлбетте, жекпе-жек өзге ережелер бойынша өтеді де, нағыз айқас көре алмаспыз. Дегенмен, "Темір Майктың" оралуы атап айтарлық оқиға. Тайсон барынша жаттығып, бабына келді. Ал қарсыласы - Рой Джонс, ол рингтен екі жыл бұрын ғана кеткен. Майк рингте ешқандай би болмайтынына уәде берді, бізді "ескі мектеп" стилі күтіп тұр. Бұған күмәнім жоқ. Кім басым боларын айта алмаймын, алайда, шоуды міндетті түрде көремін", - дейді МакКаферри.