"Рейтингке жәйдан-жәй кірген жоқ". Головкин қазіргі замандағы ең мықты боксшылар ондығында

26 желтоқсан 2019 10:15
© Las Vegas Review Journal
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Businessinsider.com тұжырымынша қазіргі замандағы ең мықты боксшылардың ТОП-10 тізімінде, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтингте үш көрсеткіш негізге алынды: қарсыластарын қалай жеңгені (жеңіс сапасы), жетістіктері мен талантынынң деңгейі. Бұл рейтингте Головкин тоғызыншы тұр. Ал тізімде бірінші тұрған оның басты қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО). Сонымен бірге, алғашқы үштікте украиналық боксшылар Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен Александр Усик (17-0, 13 КО) бар.

Головкин мен 22 нокауты бар жеңілмеген чемпион арасында жекпе-жек өткізу ұсынылды

"Big Drama Show сөзін танымал еткен адам рейтингке жәйдан-жәй кірген жоқ. Кәсіпқойға келмей тұрып, ол 2003 жылы алтын, ал 2004 жылы Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленген.

Екі жыл өте кәсіпқойға ауысты, ал төрт жылдан кейін бірінші титулын жеңіп алды да, соқысының ауырлығы арқасында бірден аты шықты. 

Головкин рэкордындағы жалғыз қара дақ - 2017 жылғы "Канело" Альвареспен тең түскен жекпе-жек және қарымта кездесуде жеңілгені. Кей адамдар бұл кездесулерде қазақстандық жеңгенін айтады. 

Ал соңғы жекпе-жегінде Головкин орта салмақтағы чемпиондық атағын қайтарды", - делінген ескермеде.

Рейтингпен толықтай мына жерде таныса аласыз.