Ресми! Мексикалық нокаутшы Әлімханұлымен жекпе-жекке үміткер атанды

©DAZN

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) аргентиналық Гонсало Корияға (21-6, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл айқас Мексикада өтіп, үшінші раундта мәресіне жетті. Кория бүйірінен соққы өткізіп, әрең есін жиды. Бірақ кездесуді ары қарай жалғастыра алмады. 

Осылайша, Мунгия ресми түрде Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге үміткер атанды. Еске салайық, осыған дейін WBO ұйымының президенті Пако Валькарсель Әлімханұлы мен Дензел Бентли, Мунгия мен Кория арасындағы кездесудің жеңімпаздары бір-бірімен кездесетінін мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, Кория 2020 жылы Әлімханұлымен кездесу өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport